2023 жылғы 23 қарашада "ASCA HOTELS" қонақ үйлер желісінің өкілдерімен "Халықаралық кәсіби практиканы ұйымдастыру және өткізу" тақырыбында кездесу болып өтті.
МИТУ ректоры Г.Сарсенбекова мен «Funplus» компаниясының директоры Волкан Учар студенттерге халықаралық кәсіби практика бағдарламасына қатысқаны үшін алғыс айтып, студенттерге халықаралық кәсіптік практикадан өткені туралы сертификат табыстады.
Осы бағдарламаның арқасында біздің студенттер Түркияның шуақты еліне барып қана қоймай, ең танымал курорттардың бірінде болуға, сонымен қатар халықаралық тәжірибеден өтуге мүмкіндік алды.
«Funplus» компаниясының директоры Волкан Учар студенттерге «Түркиядағы тағылымдама» бағдарламасын таныстырды.
Түркиядағы тәжірибе бағдарламасына қатысу студенттерге төмендегі мүмкіндіктерді береді:
3 курс студенті Төлеухан Аяулым өзінің практика барысындағы тәжірибесі мен дағдыларымен бөлісіп, бағдарламаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін университет басшылығы мен «Funplus» компаниясына алғысын білдірді.
Университет пен "ASCA HOTELS" қонақүйлер желісінің ынтымақтастығы студенттердің кәсіби дамуына жаңа серпін береді және тәжірибеге бағдарланған білім беру бағдарламаларының тиімділігін арттырады.
Алда жаңа кездесулер күтіп тұрғанына сенімдіміз, "ASKA HOTELS" қонақүйлер желісінің қызметкерлеріне алғыс білдіреміз және одан әрі табыс пен өркендеу тілейміз.
Түркиядағы тәжірибе-студенттерге өздерінің кәсіби саласында орнығуға, жаңа дағдыларды игеруге бірегей мүмкіндік.