Главная Новости Студенттер мен магистранттарды STARTUP жобаларға қатыстыру сұрақтары қаралды
23 қараша 2023                  781
Студенттер мен магистранттарды STARTUP жобаларға қатыстыру сұрақтары қаралды

2023 жылдың 23 қарашасында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) «Тамақ өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының доценті, т.ғ.к. Байзақова Жұмакүл Сейтқадырқызының шеберлік сыныбы өтті. 
Шеберлік сыныбы METU кафедра меңгерушілері мен оқытушыларының қатысуымен «Студенттер мен магистранттарды ғылыми-зерттеу жұмыстары мен STARTUP жобалары бойынша халықаралық байқауларға қатыстыру үшін оқытушы-профессорлар құрамының дайындығы» тақырыбында өрбіді.
Басқосуда назарға ұсынылған презентацияда халықаралық байқауларға белсенді қатысу мәселелері талқыланды. Студенттер мен магистранттардың стартап жобаларының халықаралық конкурстарда кеңінен қатысуын ілгерілету үшін оқытушы-профессорлар құрамына қандай міндеттер жүктелетіні барысында ақпараттар берілді.