Главная Новости METU мен Малайзиялық халықаралық Коммуникация орталығы арасында ынтымақтастық орнады
17 қараша 2023                  632
METU мен Малайзиялық халықаралық Коммуникация орталығы арасында ынтымақтастық орнады

17 қарашада Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Ректор Г.Ә. Сәрсенбекова, проректорлар Д.Б. Ақпанбетов, О.Л. Каруна және департамент директорлары Б.Н. Татибеков, А.К. Нұрбалин, А. Рошонок құрамда университет басшылығы малайзиялық халықаралық Коммуникация орталығының (Communication Center Malaysia - ICCCM, Malaysia) өкілдері А. Нариддин және Т.К. Леон Бенджаминмен кездесті.  
Кездесу барысында Малайзия университеттері мен Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде жоғары білім беруді дамыту мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Малайзия университеттері өкілдерінің Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде жетекші профессорлар мен ғалымдар есебінде дәрістер оқу, оқытушы-профессорлар құрамына және магистранттар мен студенттерге арналған сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларды жүзеге асыру, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, симпозиумдарды және т.б. іс-шараларды өткізіп және оларға қатысу сұрақтары қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша екі тарап Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.