Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Қысқы мектеп аясында Университет қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрам арасында спартакиада өтті
16 Январь 2024                  952
Қысқы мектеп аясында Университет қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрам арасында спартакиада өтті

Күнделікті кеңседе қызмет етумен қатар спортты жанға серік ету - салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен негіз болары сөзсіз. Осы орайда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде өтіп жатқан Қысқы мектеп аясында спорт ойындарының түр-түрі ұйымдастырылуы білім ордасында спортты насихаттауда ерекше орын алып отыр.

Бүгін, яғни 15 қаңтар күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Қысқы мектеп аясындағы спартакиада Үстел теннисіне арналды. Оған университеттің қызметкерлері мен оқытушы-профессорлар құрамы қатысып, өз ептіліктерін байқатты.

Бұл спартакиада қатысушыларды спортты серік етуге шабыттандырып, Үстел теннисіне деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

Үстел теннисінде жеңіске жеткен әріптестерімізді құттықтаймыз.

Ойын қорытындысы бойынша:

1 орын – Ақпараттық технологиялар департаменті маманы Жанат Мақсат

2 орын – Бағдарламалық инженерия кафедрасының оқытушысы Бектемесов Аманжол

3 орын - Ақпараттық технологиялар департаменті директоры Шындалы Саламат иеленді.