Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры Құтқарушы!
23 Қазан 2023                  270
Құтқарушы!

23.10.2023 ж. "Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау" білім беру бағдарламасының 1 курс студенттері Сайдағали Жұлдызай Серікбосынқызының жетекшілігімен Алматы қаласының № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне барды.

Экскурсияның негізгі мақсаты – өрт сөндіру кезінде қолданылатын заманауи технологиялармен танысу. Экскурсия барысында студенттер қарауыл үй-жайларымен, кезекші-диспетчерлік қызметпен және т.б. танысты. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін автокөлікке ерекше назар аударылды. Студенттер қала мен ауылда өртті сөндіру үшін әртүрлі машиналар қажет екенін білді. Сонымен қатар, олар бұл жұмыстың қаншалықты қиын, қауіпті екеніне көз жеткізді.