Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасының оқытушылары мектеп бітірушілеріне инженерлік және технологиялық мамандықтары жөнінде кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде жүргізді. 14 қараша күні Жетісу аудандық мектеп оқушыларына буклеттер таратып, мектеп бітірушілер өздерінің қызықтыратын сұрақтарына жауаптар алып, маңызды мәліметтермен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар оқушылардың таңдаған оқу орындары мен мамандықтары жайында сөз қозғалды. Оқытушылар оқушыларға мамандық таңдауда ақыл-кеңес беріп, өз мумкіндіктерін тиімді пайдалануына бағыт бағдар берді.



