Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры АИТВ - ғасыр індеті!
24 қараша 2023                  6512
АИТВ - ғасыр індеті!

24.11.2023 ж. биохимиялық инженерия кафедрасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Қонақтар дәрісі аясында АИТВ-инфекциясының берілу жолдары, АИТВ-ның иммундық жүйемен өзара әрекеттесуі, терапияның АИТВ-инфекциясының дамуына әсері және т. б. мәселелер қамтылды.

- Жастар профилактикалық іс-шаралардың фокус-тобы болып табылады, онда ақпараттық – ағарту жұмыстарын жүргізе отырып, біз салауатты және қауіпсіз өмір салтын жүргізудің құндылығы мен дағдыларын қалыптастыруға ықпал етуге тырысамыз, - деп бөлісті ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының маманы.  Айта кету керек, студенттер арасында "Биотехнология", "Биоинформатика және биоинженерия", "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" білім беру бағдарламалары бойынша АИТВ-инфекциясына ерікті тестілеу өткізілді. Студенттер инфекцияны тексерудің заманауи әдістерімен – АИТВ-инфекциясына арналған қызылиек маңы экспресс-тесттерімен танысты. Бұл әдіс зертханаға немесе емханаға бармай-ақ АИТВ-инфекциясын тексеруге мүмкіндік береді.