5
ақпанда Халықаралық инженерлік-технологиякалық университетінде Ғылыми кітапхана, Жастар саясаты департамент және
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың туғанына 93 жыл толуына орай «Мұқағали – мәңгілік ғұмыр!»
атты әдеби-сазды кеш өтті.
Артында айрықша өшпейтін із қалдырған ақын Мұқағали
Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын, поэзиясын жастар арасында насихаттау,
өлеңдерінің өміршеңдігінің сырын таныту, сезіндіру, шығармашылығының
музыкасымен үндесу ерекшелігін, ақынның сөзіне жазылған әндерін көпшілік
назарына ұсыну кештің басты мақсаты болды
Іс-шара барысында
өнерлі студенттер өз шығармашылығымен көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп,
ақынның әсем әндері мен сыршыл поэзиясын тарту етті. Талантты студенттер
"Есіңе мені алғайсың", "Ана сен бақыттысың", "Ұнатамын
мен сені ", «Мен деп ойла», т.б. әндерін тамылжыта орындаса, "Ей,
өмір", "Поэзия, менімен егіз бе едің?!", "Ғашықпын",
"Бүгін менің туған күнім", «Фариза», «Сәби болғым келеді» т.б.
өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Мұқағали-мәңгілік өмір! Ақын мұрасы, маржан поэзиясы-болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы, ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлеңқұмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Кеш соңын студенттер "Бақыт деген" өлеңімен аяқтады.