Главная Новости МИТУ ғылыми кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті.
11 Желтоқсан 2023                  257
МИТУ ғылыми кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті.

 Кітап мәртебесін көтеру мен жастарға кітап оқуды насихаттау мақсатында бұл ұйымдастырылған акция барысында кітапханаға 60 қа жуық кітап сыйға тартылды. Университетіміздің оқытушылары сыйлаған кітаптар МИТУ ғылыми кітапханасының қорын толықтырады.

Шараға қатысып, кітап сыйлаған оқутышыларымыз ұрпаққа қалдырар ең үлкен мұра – кітап екендігін, өткеннің рухы, келешектің кілті, мәдениеттің биік шыңы да осы кітапта жатқандығын айтып, жастарды кітап оқуға, сол арқылы білімдерін жетілдіруге шақырды. Барша қатысушыларға акцияға атсалысып, университет кітапханасының қорына сыйға тартқан кітаптарыңыз үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Сіз сыйлаған әрбір кітап өз оқырманын табатынына сенімдіміз !