Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Тәлімгерлер күні
21 Наурыз 2024                  211
Тәлімгерлер күні

2024 жылы Наурыз айының 19ы күні университетімізде тәлімгерлер күні тойланды. «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының мұғалімдері бұл іс шараға белсенді қатысты. Әр кафедра студенттік үйге барып, түрлі тағамдарды студенттермен бірге дайындап кішігірім ауыз ашар жасаған болатын. Ұлттық қазақша киіммен, әшекей бұйыммен қарсы алды. Басшылық қатысып, өз тілектері мен баталарын айтып кетті. Дарынды студенттер ең көп таралған қазақ халық аспабы - домбырада ойнады. Университетіміздің ұстаздары студенттерге деген сыйластық пен үлгілерін көрсеткен болатын. Осылайша тәлімгерлер күні белсенді әрі қызықты өтті. Белсенді қатысқандардың барлығына рахмет!