Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары» тақырыбында қонақ дәрісі
24 Сәуір 2024                  241
«Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары» тақырыбында қонақ дәрісі

2024 жылғы 24 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетте «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Дәріскер Аренова Алмаша Арыстановна-Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі саяси ынтымақтастық басқармасының басшысы. Дипломатиялық дәрежесі «I дәрежелі кеңесші», Қазақстан Журналистика Академиясының академигі, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі. Дәріскер Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы мен негізгі бағыттары, мемлекетіміздің жақын және алыс шет елдермен дипломатиялық қатынастарын орнатудағы жеке тұлғаның рөлі туралы айтып берді. Дәріс танымдық сипатта болды және студент жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, азаматтық ұстанымды дамыту, еңбек қызметіне жауапкершілікпен қарау және IT-инженерия, биотехнология, экономика саласында білім алуға деген ұмтылыс үшін пайдалы болды. Дәріске әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасының оқытушылары, университеттің қазақ және орыс бөлімдерінің 1 және 2 курс студенттері қатысты.