4 маусым -Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне орай МИТУ ғылыми кітапханасында «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық құндылық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мемлекеттік рәміздер еліміз үшін, мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат ардақ тұту қажет. Көрмеге тарихи рәміздер туралы кітаптар мен мерзімді баспасөз беттерінен алынған мақалалар қойылды.