Қазақстан инженерлік-технологиялық университет колледжінде 22.11.2017 күні жыл сайын өткізілетін «Мамандық үздігі» байқау аясында «1226000 – Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісті ұйымдастыру» мамандығының 3 курс студенттері шеберлік класын өткізді.
Жеміс-жидектерді безендіру тәсілдері көрсетіліп, кондитерлік өнімдерден тәтті торт және «Қызыл барқыт» кексі пісіріліп, көрермендерге дегустациялауға ұсынылды.




Сонымен қатар, өндірістік тәжірибе базалары болып табылатын кәсіпорындардың өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

