Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Оқу тәжірибесі
05 Маусым 2024                  335
Оқу тәжірибесі

05.06.2024.ж. күні Тағам өндірісінің техникасы және технология кафедрасының 1 курс студенттері оқу тәжірибе барысында «Ботаникалық баққа» экскурсия жасады. Студенттер Алматы Ботаникалық бағына  практикаға барып, ондағы  жергілікті және сырттан әкелінген өсімдіктерді тамашалап, танысып қайтты. Олар «Жапон бағы», «Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер оранжереясы», «Солтүстік және оңтүстік Американың дендрологиясы» атты ботаникалық бақтың негізгі экспозицияларымен танысты. 

Ботаникалық бақ – көз жауын алар, аралап рахат табар тамаша орын ғана емес , ол – ғылым ордасы. Онда өсімдіктер әлемін, соның ішінде сирек және жойылып кету қаупі төніп тұрған өсімдіктер түрлерін сақтау, қорғау, оларды өсіріп-өндіру және пайдалану орайындағы зерттеулер мен ғылыми әзірленімдер жүргізіледі. 

Студенттер құнды білім, қызықты ақпарат және жай ғана таза ауамен тыныс алу мен табиғатта демалу мүмкіндігіне ие болды.