Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша диссертация қорғау
06 Июнь 2024                  203
«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша диссертация қорғау

2024 жылдың 6 маусымында биохимиялық инженерия кафедрасында «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» оқу бағдарламасы бойынша диссертация қорғауы өтті. Дипломдық жобаларын 7 студент сәтті қорғады – Абенова Гүлмира Өмірбекқызы, Зинова Ангелина Александровна, Каламбаева Альмира Серімжанқызы, Ким Дарья Владиславқызы, Құрбанәлі Әлихан Бакитұлы, Мұқанова Жанна Мурзағалиқызы, Рүстем Перизат Рүстемқызы. 

Емтихан комиссиясының төрайымы, т.ғ.к. Әбубәкірова Қалқаш Дәуренбекқызы студенттердің дайындығының жоғары деңгейін – ұсынылған дипломдық жобалардың өзектілігін, өндіріспен байланысын, практикалық маңыздылығын ерекше атап өтті.