Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «Цифрлық коммуникацияның медиадискурстағы орны» тақырыбында «Қонақтық дәрісі»
07 Наурыз 2024                  122
«Цифрлық коммуникацияның медиадискурстағы орны» тақырыбында «Қонақтық дәрісі»

2024 жылдың 7 наурызында университетімізде клуб мүшелерімен «Цифрлық коммуникацияның медиадискурстағы орны» тақырыбында «Қонақтық дәрісі» өтті. Дәрісті А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының Фонетика бөлімінің ғылыми қызметкері, Қазақ-Америка университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD доктор Ормаханова Еңлік Нұрланқызы жүргізді. Лектор цифрлық байланыстың негізгі мақсат-міндеттерін, қоғаммен байланысын және цифрлық индустрияның дамуы туралы мәселелерді көтеріп, студенттермен ашық диалог жүргізді. Студенттер қызығушылық танытып, тақырыпқа сай сұрақтар қойып, белсенді қатысты.