2024 жылғы 5
наурызда "Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және
әлем тілдері"
кафедрасының апталығы аясында
МИТУ-дың бірінші курс студенттері
мен оқытушылары Г.Г. Цыренжапова және С.Д. Шаймуханова М.Лермонтов атындағы
Ұлттық орыс драма
театрының "Ревизор" қойылымын тамашалады.
Осыдан екі жүз жыл бұрын
жазылған Н.В. Гогольдің ең танымал орыс комедиясы күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпаған. 19 ғасырдың
30-шы жылдарындағы Ресейдегі Николай дәуірін сахнада түрлі костюмдер мен декорациялар арқылы қайта жасағанымен, қойылымнан қазіргі шындық пен белгілі бір
ассоциацияларды анық көруге болады.
Актерлардың өз образдарын шынайы орындауы, қойылымды шебер ойнауы көрерменді өзіне тартып ғана қоймай, кейіпкерлердің бойындағы жағымсыз қасиеттер әрқайсымыздың
бойымызда кездесетінін сезіндіруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, қойылымда
қоғамдағы орын алған әртүрлі әлеуметтік
келеңсіздіктер – парақорлық, қаржыны жымқыру, мансапқорлық,
ақымақтық, жалқаулық сияқты т.б. қасиеттерді көрсете
білді,
бірақ барлық
жамандықтардың ішіндегі ең сорақысы, әрине, өмірдің
барлық салаларына еніп кеткен сыбайлас жемқорлық еді.
Студенттер әртістердің актерлік өнерін тамашалай отырып,
"Ревизордың" негізгі идеясына, қоғамдағы әлеуметтік мәніне қанық болды. Инспектордың
келгенін хабарлаған сәтте "Ревизордың" соңғы көрінісі
де барша көрерменге түсінікті болды. Қойылымның
соңғы қорытынды бөліміндегі "үнсіз көріністің" өзі ерекше мағына
береді. Яғни, кейіпкерлердің әрқайсысы өз тағдырында ешнәрсені
өзгерте алмайтындығын әсерлі жеткізеді.
"Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және
әлем тілдері"
кафедрасының ұйымдастыруымен МИТУ-дың студенттерін театрға апарудағы мақсаты - студенттердің театр өнеріне,
атап айтқанда, Алматыдағы М.Лермонтов атындағы
орыс драма
театрының репертуарына деген қызығушылығын ояту. Қоғамдағы
келеңсіздіктермен күресудің әртүрлі
әдістері болуы мүмкін, соның ішінде
ең тиімді
әдістердің бірі, «күлкі».
Сайып келгенде, күле білу әрқашан
адамның жанын тазартады.
Гоголь рухани жаңғыру жолын көрсете алатын
көркем сөздің құдіретіне сенді. Осы сеніммен ол «Ревизорды» жазды және Алматыдағы
жетекші театрлардың бірі
10 жылдан
бері осы
қойылымды сәтті қойып
келеді.