Главная Новости Студенттер үйіндегі қызықты іс-шара "FOOD party"
19 Желтоқсан 2023                  55
Студенттер үйіндегі қызықты іс-шара "FOOD party"

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің “Studhouse”жатақханасында қызықты іс-шара өткізілді.

Іс шарада әр этаж тағам түрлерін дайындап Жастар комитетін қонақ болуға шақырған болатын.Іс-шараға барлық студенттер өте белсенді қатысып,әр этажда түрлі тағам иістері аңқып тұрды.Бұл жатақханада өткізілген жалғыз қызықты іс-шара емес,бірақ ең қызықты әрі тойымды іс-шараның бірі болды десе қателеспейміз.

Бұл іс-шарамен студенттер арасындағы бірлестікті,достық қарым-қатынасты,ұйымшылдықты арттыру қарсаңында жасалды.Бұл кешімізде студенттер бір-біріне қонаққа барып ас мәзірінен де дәм татқан болатын.Іс шараны студенттер өте қатты күтіп және жастар талабына сай бірдей түсті киім киеміз деп шешім қабылдады.

Осындай іс-шаралардың болғаны студенттерге өте жақсы қырынан танылуға көмек береді,әрі студенттік өмірдің қызықты өтуіне өте көп көмегін тигізеді.