Главная Новости Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Театр күні!
08 Ақпан 2024                  66
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Театр күні!

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенттерін шығармашылық жағынан да дамып,сабақтарынан демалғанын қалайды.Соған орай университетіміз студенттерімізге арнап Театрға бірлесіп баруды жөн көрді.

Театрға барардағы студенттердің эмоциялары таңқалдырады,себебі өте ұқыпты әрі театр этикетіне сай үлгіде,жақсы көңіл күймен театрға барды.Студенттерге арнап "Болмаған балалық шақ" повесі көрсетілген болатын.

Бұл повес 2008 жылы жазылып, көп ұзамай әлеуметтік желілер арқылы кеңінен тарап, қазақ интернет бестселлеріне айналған бірегей шығарма.

Интернет желісінде жүргізілген сауалнама бойынша XXI ғасырдағы үздік 20 прозалық туынды тізіміне енген. Шығарма кітап болып басылып шықпай-ақ жекелеген мектеп бағдарламаларына еніп, бүгінгі күнге дейін оқытылып келеді.Сондай-ақ театрларда да үздіксіз көрсетілімге те екені анық.Студенттер шығармашылық жағынан байып,терең ойлау қабілеттерінде бойларына жинап алды.Керемет күнді жақсы көңіл-күймен аяқтады.