Главная Новости 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні!
08 Наурыз 2024                  63
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні!

2024 жылдың  7 наурызында Халықаралық инженерлік- технологиялық университетінде 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Жастар Ұйымдары Комитетінің ұйымдастыруымен көңілді мерекелік құттықтау кеші өтті. Кеш басталмастан бұрын университетіміздің жігіттері қыздарға өз қошеметтерін білдіріп, жақсы көңіл күйде, көңілді әуенмен қарсы алды. Мерекелік кеште әсем әндер шырқалып, қызықты көріністер қойылып, ойындар ойнатылды. Әсіресе жігіттердің дайындаған керемет концертіне риза болдық.
Сонымен қатар, қыздарға арнап университетіміздің ұстаздарды, студенттері, және күзет қызметкерлерінің өзі құттықтау тілектерін видеоролик арқылы жеткізді. МИТУ-дың Кеш соңында Жастар Ұйымдары Комитеті аруларымызға жүрек жарды тілегін арнап, мерекемен құттықтады.МИТУ ару қыздары университет басшылығына, кешті ұйымдастырған жастар ұйымдары комитеті белсенділеріне керемет мерекелік көңіл күй сыйлағандары үшін алғыстарын білдірді.