Наурыз – көктем
мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басы, жаңа өмір! Наурыз мерекесі
біздің университетте әрдайым көпшілік қуанышпен өтеді.Осы бір ғажап күні
тәлімгерлер студенттерге арнап Ақ-дастархан жайған болатын.Тәлімгерлер мен
студенттер арасындағы тығыз байланыс пен сыйластыққа апарар негізгі көпірлердің
бірі болды деп санаймыз.
Университетіміздің тәлімгерлері өте дәмді тағамдар,наурыз көже және түрлі
тіскебасарлар дайындап берді.Тәлімгерлер студенттерге арнап өз уақыттарын бөлуі
университет тәлімгерлерінің өте жоғары деңгейдегі сыйластыққа ие екенін байқай
аламыз.
Тәлімгерлермен бірге қызықты тақырыптарда түрлі әңгімелер айтып,өздерінің жылы
лебіздерімен бізге сенетіндері жайлы айта өтті.
Университет қабырғасындағы дәл осындай сыйластықтың барына біз өте
қуаныштымз.Тәлімгерлерге үлкен алғыс!