Главная Новости Студенттер күні!
18 Желтоқсан 2023                  48
Студенттер күні!

Студенттік кезең – адам жадында ерекше естеліктерімен жатталып жаңғырып тұратын, мәңгілік ұмытылмастай өз алдына бөлек дүние. Мектеп бітіріп, өмірдің жаңа кезеңіне қадам басқан жастар тек білім алуға ғана емес, өмірдің ақ пен қарасын ажырата білуге үйренеді. Студенттік шақ дегенде қызығы мен шыжығы мол – лекция тыңдап отырған уақыт, жоғарғы оқу орны қабырғасындағы бірінші бақылау емтихандары, жатақханада бір жапырақ нанды бөліп жеген достар, таңнан таңға жалғасқан сауыққа толы кештер, дипломдық, курстық жұмыстар, тағысын тағы көптеген естеліктер оралады. Мұндай қызықты шақты бастан өткеру - үлкен бақыт. Университетіміздің тәлімгерлері студенттерге арнап үлкен іс-шара өткізген болатын.Ол іс-шарада студенттерге арнайы әндер,билер сонымен қатар ойындарда ойнатылды.Тәлімгерлер мен күзет меңгерушілері ат салысқан бұл мерекеде студенттер риза болғаны сөзсіз.МИТУ тәлімгерлеріне үлкен рахмет!