Главная Новости Университет ректорымен бейресми кездесу
18 Желтоқсан 2023                  37
Университет ректорымен бейресми кездесу

Студенттер үшін әр ортада бір қолдаушы адамның болғаны абзал.Студент келгенде ең алдымен универ тәлімгерлері жылы қарсы алады ма,әлде суық қабақ танытадыма деп ойлауы әрбір студенттің басынан өткен шығар.

Университет қабырғасында студент пен тәлімгер арасындағы сыйластық бірінші орынды алады.

Студенттермен жылы қабақ танытып,керемет бейресми кездесу яғни студенттермен бірге түскі асқа барған болатын.

Түскі ас уақытынды студенттер университет ректорымен ашық тілдесе алды.Әртүрлі проблемалар мен кезекті іс-шара,сондай-ақ әр студенттің жеке ойын тыңдап шықты.

Ректорымыз өте жарқын кісі екеніне тағы да көзіміз жетті,өзінің білгенімен бөлісіп,барлық жақсылықтарға нұсқаушы болып отырды.

Студенттер мықты тәлімгерлерге қарап бой түзеп,ойлана бастайды.

Университет ректорына түскі ас үшін және керемет көңіл күймен,ақылдары үшін алғыс білдіреміз!