Главная Новости Студенттер үйіндегі студенттермен "Кино кеші"
18 Желтоқсан 2023                  46
Студенттер үйіндегі студенттермен "Кино кеші"

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің студенттері ашық аспан аясында кино тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Жастар Ұйымдары Комитеті ұйымдастырған кино көрсетілімнің арқасында студенттер арасындағы тығыз байланыс пен жаңа таныстықтарға куә болдық.Кино кешінде Студхаус пен Сарбаз жатақханаларының студенттері де жаңа ортада жақсы көңіл көтерді.Студенттерді әсем әуенмен күтіп алды.Кино көрсетілім басталмас бұрын университетіміздің жасыл алқабында танысу,түрлі ойындар және тіскебасарлар болды.Студенттер өте жақсы көңіл көтеріп.Жастар ұйымы ұйымдастырған іс-шараға өте риза болды.

 

«Осы іс-шараны ұйымдастырып, қолдау көрсеткен университет ұжымына алғысымыз шексіз, студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануына үлкен үлес қосып жатыр. Ашық аспанда кино көру атмосферасы керемет болды, өзімізге жаңа дос таптық, барлық студенттер бір-бірімен танысып мәре-сәре болды. Ең бастысы таза ауада, денсаулыққа пайдасы да мол болды»- деді 1-курс студенті Қожатаева Аида.