14 маусым 2024                  1778
Онлайн кәсіби бағдар беру жұмысы
Қазіргі
заманда нарықтық экономиканың талабына сай бәсекеге қабілетті мамандарға
сұраныс жоғары. Сапалы білім беру
саласында мамандықтарға оқыту барысында жастардың таңдауы, қалауы және қабілеттері ескерілуі өте маңызды.
Халқымызды ілім-білімге бағыттауға
шексіз еңбек сіңірген Алаш арыстарының бірі, ағартушы әрі педагог Ахмет
Байтұрсынов атамыз: «Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін бала қайдан шығар?» деп
әділ жазған еді. Осы қағиданы негізге ала отырып, университетіміз тарапынан болашақ
мамандарға кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020–2025
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары қатарында Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық
бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде
тұлғаны тәрбиелеу және оқыту, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның
үлесін арттыру мәселелері
қарастырылған. Міне осыған орай, бүгінде қойылған мақсаттарға жету үшін 2024
жылдың 14-ші маусым күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті
(МИТУ) Фараби университетінің жоғары оқу орнына дейінгі білім беру
факультетінде (КазҰУ) ұлты қазақ шетел азаматтарымен және оқытушы-профессор,
эдвайзерлер құрамымен кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша онлайн кездесу
ұйымдастырды. Кездесу барысында МИТУ кафедралары, білім беру бағдарламалары,
студенттерге берілетін жеңілдіктер, академиялық ұтқырлық мәселелері, қос
дипломды білім беру бағдарламалары жайлы және де
университеттегі студенттік өмірге байланысты бірқатар мәліметтер таныстырылып,
жастардың қызығушылығын оятты. Кафедрада кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты
оқытушылар талапкерлерге білім беру бағдарламаларына қандай бейіндік пәндер
бойынша тапсыратындығын, шекті балл мөлшері, қандай шетелдік және отандық
мекемелерде өндірістік тәжірибеден өтетіндіктері жайлы, оқуды бітірген соң мамандық иегері
ретінде қандай мекемелерге жұмысқа орналасуына мүмкіндіктері бар екендігі
туралы ауқымды және қызықты мәліметтер бар презентациялар көрсетіліп, университеттің
мүмкіндіктері мен болашағы туралы баяндалды. Университетке, қабылдау
комиссиясының жұмысына байланысты
мәліметтердің электронды нұсқасы, кәсіби бағдар беруге қатысқан талапкерлерге және оқытушыларға, қонақтарға
жіберілді. Кездесудің барысында талапкерлер мен олардың эдвайзерлері тарапынан
бірқатар сұрақтар туындап, көңілдеріне қонарлық жауаптар алған соң, кездесуді
ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, рахметтерін айтты.