Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Кафедра ұжымының университет басшысымен кездесуі
18 маусым 2024                  1783
Кафедра ұжымының университет басшысымен кездесуі

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің ректоры Г.А. Сәрсенбекова «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.

Кездесу барысында 2023-2024 оқу жылының қорытындысы мен жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының жоспары қарастырылды.

Кафедра ұжымының осы оқу жылында атқарылған көптеген жұмыстары жайлы айтылып, профессор-оқытушылардың жетістіктерімен бөлісіп және келесі оқу жылында орындалатын стратегиялық жоспарды бірлесе жұмыла іске асыратындарын тілге тиек етті.

Ректор Г.А.Сәрсенбекова «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының ұжымын биыл алғашқы рет ашылып отырған университетте атқарылатын тәрбие жұмысын ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ететін «Адал азамат» орталығының құрылуымен құттықтап, орталықтың алдағы оқу жылындағы жұмысына шығармашылық табыс тіледі.