2024 жылдың маусым айының 18-21 аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университет ректоры Г.А.Сәрсенбекова «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері», «Биохимиялық инженерия», «Экономика және бизнес», «Бағдарламалық инженерия», «Инженериядағы smart технологиялар» және «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедраларының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті.
Күн тәртібінде 2023-2024 оқу жылының қорытындысы мен жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарының жоспарлары қарастырылды.
Кафедра ұжымы 2023-2024 оқу жылында жасалынған көптеген жетістіктерімен бөлісіп және келесі оқу жылына қойылып отырған стратегиялық жоспарларды бірлесе жұмыла іске асыратындарын тілге тиек етті.
Жұмыс барысында туындайтын мәселелер де бірге қарастырылып, олардың шешімдерін табу жолдары талқыланды.