Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Ағылшын тілі оқытушыларына әдістемелік коучинг-семинар өткізілді
26 маусым 2024                  1781
Ағылшын тілі оқытушыларына әдістемелік коучинг-семинар өткізілді

26 маусым күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының ағылшын тілі пәні оқытушыларына семинар өткізілді. Семинарға университет ректоры Г.А. Сәрсенбекова, «Norwich» бизнес мектебінің (Ұлыбритания) түлегі  Жолдыбек Даурен Батырұлы, университет пен кафедра басшылығы және ағылшын тілі пәні оқытушылары қатысты. Мақсаты: ағылшын тілін тиімді оқыту мәселелерін талқылау.

Семинар барысында  қатысушылар 2023-24 оқу жылында анықталған оқытудағы кедергілер аясында ағылшын тілін тиімді оқытудың тәсілдеріне басымдық берді. Даурен Батырұлы шет тілін оқытудағы қолданылатын тиiмдi жұмыс түрлерi  және заманауи әдістерді ұсынып,ағылшын тілі пәні оқытушыларымен пікір алмасты. Пікір алмасу нәтижесінде студенттерге арналған академиялық сөздік құрастыру және «Home reading» ретінде берілетін тексттерді арнайы кітапша етіп басып шығару ұсынылды.Барлық семинар қатысушылары бұл ұсыныспен келісе отырып, келесі оқу жылына жаңа жоспар құрды.

Семинар оқытушылардың қалыптасқан кәсіби құзыреттілігін жетілдіру, ағылшын тілі пәніне арналған әдістемелік кешендерді тәжірибе жүзінде тиімді пайдалануына ықпал ету, педагогикалық шеберлікті арттыру, сондай-ақ практикалық және әдістемелік көмек көрсету негізінде жүргізілді. Семинар соңында ағылшын тілі оқытушылары  педагогикалық шеберлiктерiн жетiлдiре келе, кәсiби деңгейлерiн арттыратын жұмыстың тиiмдi әдiс-тәсiлдерiн меңгердi.