Главная Новости МИТУ мен Сүлейман Демирел университеті (Ыспарта, Түркия) арасында ынтымақтастық орнауда
07 Август 2024                  385
МИТУ мен Сүлейман Демирел университеті (Ыспарта, Түркия) арасында ынтымақтастық орнауда

Халықаралық инженерлік-технологиялық университет ректоры Г.А.Сәрсенбекова Түркияның Ыспарта қаласында орналасқан Сүлейман Демирел университетінің ректоры Мехмет Салтан мен Алматы қаласындағы Түркия Республикасының білім Атташесі Айхан Қорқмазбен кездесті.

Кездесу барысында Халықаралық инженерлік-технологиялық университет ректоры Г.А.Сәрсенбекова университеттің даму бағыттарымен таныстырып, Сүлейман Демирел университетімен (Ыспарта, Түркия) іске асыруға болатын халықаралық жобаларға тоқталып өтті.  Ректор сөзінің соңында  екі жоғары оқу орнының ынтымақтастығының болашағы зор екендігіне және ортақ бастамаларды қолдауға дайын екендігіне сенім білдірді.

Сүлейман Демирел (Ыспарта, Түркия) университетінің ректоры Мехмет Салтан Түркияның үздік жоғары оқу орындары қатарына кіретін университет кампусының инфрақұрылымы мен ерекшеліктеріне тоқталып, білім беру бағдарламалары туралы айтып өтіп, ортақ бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.  

Алматы қаласындағы Түркия Республикасының білім Атташесі Айхан Қорқмаз мырза түркітілдес халықтардың ынтымақтастығы артып, білім және ғылымға бағытталған іс-шаралардың сәтті болуына тілектестігін білдірді.

Кездесу барысында Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті мен  Сүлейман Демирел университеті (Ыспарта, Түркия)  арасында халықаралық ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.