Главная Новости МИТУ «Қытай мен АСЕАН арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық апталығына» қатысады
19 Август 2024                  394
МИТУ «Қытай мен АСЕАН арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық апталығына» қатысады

2024 жылдың 19-25 тамыз аралығында Қытайдың оңтүстік-батысындағы Гуйян қаласында ҚХР Сыртқы істер министрлігі, ҚХР Білім Министрлігі және Гуйчжоу провинциясының халықтық үкіметі «Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия /АСЕАН/ мемлекеттер қауымдастығы арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық апталығын» өткізеді. Бұл іс-шараға қытайлық серіктестердің шақыруы бойынша Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Әлібекқызы Сәрсенбекова қатысады.

Іс-шарада Қытай мен АСЕАН арасындағы жоғары, кәсіптік, базалық және арнайы білім беру саласындағы алмасулар мен ынтымақтастықтың соңғы жетістіктері ұсынылатын болады.

2008 жылдан қазірге  дейін «Қытай мен АСЕАН арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық апталығы» жоғары деңгейлі платформаға айналды және Қытай мен АСЕАН, сондай-ақ басқа елдер арасындағы қарым-қатынаста сенімді байланыстырушы көпір болып келеді.

АСЕАН құрамына 10 мемлекет кіреді. Олар - Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайланд және Филиппин. Кейінірек Бруней-Даруссалам, Вьетнам, Лаос, Мьянма, Камбоджа елдері қосылды.