Главная Новости МИТУ «Қытай мен АСЕАН арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық апталығында» ынтымақтастық орнатуда
20 Август 2024                  319485
МИТУ «Қытай мен АСЕАН арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық апталығында» ынтымақтастық орнатуда

2024 жылғы 20 тамызында  Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан «Қытай мен АСЕАН арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық апталығында»  Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Гүлнар Әлібекқызы Сәрсенбекова білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойды.



Стратегиялық әріптестікті қалыптастыру мақсатында білім беру технологияларын ұсынып отырған  Бейжіңдегі Huatec Information Technology Co., Ltd. компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.  Huatec компаниясы Қытайдың білім министрлігінің Халықаралық гуманитарлық алмасу орталығының қаулысы аясында «Цзинши институты» жобасын жүзеге асыруда. Осы жоба негізінде "Бір белдеу, бір жол» елдерінің университеттерінен Халықаралық инженерлік-технологиялық университет таңдалды.



Білім алушылардың академиялық ұтқырлығы бағдарламаларын іске асыру, технологиялық тәжірибе алмасу, Қытайдың жетекші оқытушыларының дәрістерін оқу үшін МИТУ-да бес жылдық жоғары кәсіптік білім беруді, орта кәсіптік білім беруді, техникалық білім беруді, ересектерге білім беруді және кәсіптік дағдыларды оқытуды іске асыратын Ляньюньгандағы мамандандырылған кәсіптік мектеп пен Шыңжаң мемлекеттік жоғары кәсіптік техникалық колледжімен  ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.