Главная Новости МИТУ Қырғызстанның жетекші жоғары оқу орнымен ынтымақтастығы
02 Сентябрь 2024                  433
МИТУ Қырғызстанның жетекші жоғары оқу орнымен ынтымақтастығы

02.09.2024 жылы Халықаралық инженерлік-технологиялық университет ректоры Гүлнар Әлібекқызы Сәрсенбекованың басшылығымен Ош технологиялық университетінің (ОшТУ) Жанболот Жанышұлы Тұрсынбаевпен және Қырғызстанның жетекші университеті өкілдерімен маңызды кездесу онлайн форматта өтті.

Екі университет арасындағы ынтымақтастық бірнеше жылдан бері академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында және халықаралық ғылыми конференциялар, семинарлар бірлесіп өткізу арқылы сәтті жүзеге асырылып келеді.



Ош технологиялық университетінің ректоры Ж.Тұрсынбаев өз сөзінде: «ОшТУ халықаралық деңгейде осы бағытта айтарлықтай тәжірибесі бар МИТУ-мен халықаралық әріптестік қызметті одан ары нығайтуды және дамытуды қолдайды» деп атап өтті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері және білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы саласындағы мүмкіндіктерін, ғалымдарды қонақ дәрістеріне тарту және қос дипломды білім беру шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу мәселелерін талқыланды.