Главная Новости МИТУ студенті ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Астана қаласында білім алуда
09 Сентябрь 2024                  237
МИТУ студенті ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Астана қаласында білім алуда

МИТУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алушыларға Қазақстанның әртүрлі қалалары мен алыс-жақын шет елдерге барып білім алып, тəжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік беріп отыр.


Университетіміздің «Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиринг» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Жексенбай Ақмарал Ерзатқызы Астана қаласында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 2024-2025 оқу жылының күзгі семестрінде білімін жалғастыруда.


Екі  университеттері арасындағы байланыс – білім алушылар үшін тамаша мүмкіндік.


Студентіміз А.Жексенбайға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде белді ғалымдарының дәрісін тыңдап,  білімін жетілдіріп келуіне тілектестік білдіреміз.