Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Кафедраның ұйымдастырушылық-әдістемелік сәттері
02 қыркүйек 2024                  2344
Кафедраның ұйымдастырушылық-әдістемелік сәттері

Оқу жылының басынан бастап "Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы" кафедрасында 1 курс эдвайзерлері тағайындалды. 1 курс эдвайзерлері студенттерді студенттің ар-намыс Кодексімен таныстырды.

Оқытудың жеке білім беру траекториясын таңдау және іске асыру, сондай – ақ жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқу жоспарларының ұтқырлығы мен икемділігін қамтамасыз ету үшін консультациялық қызмет немесе академиялық эдвайзер-консультанттар қызметі ұйымдастырылады. 

Кафедра эдвайзерлері білім алушылардың академиялық мүдделерін ұсынуға және оқу процесін ұйымдастыру бойынша барлық қажетті ақпараттық материалдарды дайындауға қатысуға, оларды студентке электрондық жеткізгіште беруге және оған жеке оқу жоспарын жасауға және түзетуге жәрдемдесуге; әдістемелік материалдардың уақтылы дайындалуын және болуын және мамандықтың барлық пәндері бойынша аралық және қорытынды бақылау жүргізу қағидаларының орындалуын бақылауға тиіс.