Главная Новости Технология бір орында тұрмайды!
17 Сентябрь 2024                  270
Технология бір орында тұрмайды!

Технология бір орында тұрмайды!

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде студенттерге практика базасын таңдауға мүмкіндік беретін, университет басшылығы тарапынан да, серіктестер тарапынан да кәсіби практикадан өту сапасының тұрақты мониторингін көздейтін өндірістік практиканы тиімді ұйымдастыруға бағытталған цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Кәсіби практика күнделікті іс-әрекеттің нақты мәселелерімен бетпе-бет келе отырып, оларды кәсіпорында қолдану арқылы оқу барысында алған ғылыми-теориялық білімді бекітуге және тереңдетуге мүмкіндік береді.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.А.Сәрсенбекова мансап орталығының командасымен және ақпараттық технологиялар департаментімен кездесті. 2023-2024 оқу жылының қорытындыларымен, жаңа оқу жылына арналған жоспарлармен және цифрландыру бойынша жұмыстармен танысты.

Цифрландыру бағытындағы бірқатар мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар енгізілді.