Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Ректор Гүлнар Әлібекқызының басшылығымен "Білім күніне" арналған арнайы іс-шара ұйымдастырылды. Мемлекеттік грант иегерлеріне Университет тарапынан, студенттердің білім алуына қолайлы жағдай жасау мақсатында сыйлыққа ноутбук берілді. Біздің Университетке сенім білдірген ата-аналарға алғыс білдіреміз! Студенттердің болашағы жарқын, үздік маман иелері болуларына тілектеспіз!
Суретте: "Биохимиялық инженерия" кафедрасының меңгерушісі биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Елена Владимировна 1-курс студенттеріне ноутбукты табыстауда.