МИТУ студенттерінің арасында «Бүгінгі заман жастары қандай болуы керек?» атты дөңгелек стол ұйымдастырылды.
Қазіргі
кезде жастарды тәрбиелеу ең күрделі әлеуметтік мәселе. Себебі, бүгінгі
ғылым мен технологияның
құшақ жайып дамыған
кезінде, баланың санасын
уландырмай, ұлттық тұрғыда тәрбиелеу
міндеті тұр.Қазір сүрініп кетіп, бүлініп жүрген жастар көп. Білімге,
жалқаулыққа, еңбекке бейімделудің
орынан құмар ойынын ойнап, жеңіл жолмен ақша табуды ғана ойлайды. Қаршадайынан
қолына темекі ұстап, қылмысқа барған ұлдар мен бойжеткендерге кім жауапты? Жастар
– ел болашағы, ата-ана, Отанының үміті. Сенімнің үдесінен шығу үшін жастар
тәрбиелі әрі білімді болуы қажет. Кез келген ортада бәсекелестік болатыны рас,
заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай қашанда халық пен халықты, адам мен
адамды теңестіретін нәрсе – білім ғана. Тәрбие мен білімді, ғылым мен ілімді,
бар асыл құндылықты дәріптейтін еңбек. Адам еңбек арқылы бәрін де жеңбек. Сол
еңбекті қозғаушы негізгі күш – тәрбие мен білімде жатыр. Білімді болайық,
тәрбиелі болайық!