Главная Новости МИТУ дағы кәсіптік бағдар беру жұмысы
20 Қыркүйек 2024                  1783
МИТУ дағы кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. 

Халықаралық Инженерлік Технологиялар Университеті қазіргі таңда көптеген мектептермен арнайы меморандум арқылы ынтымақтастық келісім жасап, кәсіби бағдар беру бойынша жұмыстар атқаруда.  

Солардың бірі Алматы қаласында орналасқан Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының басшылығымен алғашқы келіссөздер жүргізіліп, нақты мақсаттар айқындалды.

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялар дамыған заманда ІТ саласы ерекше сұранысқа ие. Мектеп оқушыларын қызықтыратын 3D модельдеу және робототехника саласы бойынша, Ш.Смағұлов атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған физика-математика мектебінің 10-11 сынып оқушыларына МИТУ профессорларының арнайы дәрістер мен тәжірибелік сабақтарын жүргізу жоспарланып отыр.

Мамандық таңдау – өмірдің  бір кірпішін дұрыс қалау. Ал, сол кірпішті дұрыс қалауда кәсіптік бағдар беру жұмысын жүйелі, мақсатты орындай білген кезде мол жетістікке жетеріміз анық.