Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Студенттердің ұйымдастырған шығармашылық ісшарасы
27 Қыркүйек 2024                  2075
Студенттердің ұйымдастырған шығармашылық ісшарасы

2024 жылы 27 қыркүйекте Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің (ХИТУ) студенттер үйінде «Өнерің өрге жүзсін» тақырыбында «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының радиотехника, электроника және телекоммуникация тобының 1 курс студенттерінің шығармашылық кеші өтті. Ақжарқын, әдемі кеште радиотехника, электроника және телекоммуникация тобының студенті Мейрамбек Сағатұлы өзінің талантын дизайнерлік істе, қолөнерде және нәзік лирикалық көңіл-күймен өлең өнеріне алғашқы қадам жасаған ақын ретінде өз өнерін көрсетті. Ол тыңдаушыларды сүйікті өлеңдерімен таныстырды. Кездесуде ТИПП 24-1.3 тобының 1 курс студенттері Ұлболсын Тұрмағанбетова мен Темірлан Рахатұлы музыкалық аспаптарда ойнап, өлеңдерін оқыды, сондай-ақ актерлік өнер мен әдебиеттің білгірлері мен әуесқойлары ретінде жаңа қырынан көрінді.

Студенттердің тамаша қойылымы көрермендердің есінде ұзақ сақталады. "Шығармашылық кеш" жобасы бірінші курс студенттерінің жеке әлеуетін  жүзеге асыруға бағытталған.

Жобаны іске асырудың қорытындысы университеттің жастар саясаты мен шығармашылық қызметіне бірінші курс студенттерін тарту болды.

Ісшара «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының профессор-оқытушы құрамының ұйымдастыруымен және МИТУ студенттерінің қатысуымен өтті.