Қазақ әдебиеті әлемінің
алыбы,балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың әдеби әлемі “ЮНЕСКО”,
“ТҮРКІСОЙ” көлемінде аталып өтуде. Осыған орай МИТУ да «Балалар әдебиетінің
бәйтерегі» атты дөңгелек стол ұйымдастырылды. Шоқтығы биік туындыларының бірі
балалық шағындағы бастан өткерген өмірі шығармасына арқау болған, әр кейіпкері
бала жанының сүйікті кейіпкерлеріне айналған “Менің атым Қожа” шығармасы
талқыланып, кинодан үзінділер қойылды. Қаламгердің өлмес туындылары әлі де жас
буынның рухын көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттыратыны сөзсіз.