ХИТУ-дың «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының 2-курс
студенттері академиялық ұтқырлық аясында Қырғызстанның жетекші жоғары оқу орны - Ош қаласындағы Ош технологиялық
университетінде білім алуды жалғастырады. Бұл тәжірибе студенттерге өз
саласындағы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, басқа елдің білім беру жүйесінің
ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтіп, университеттер арасындағы халықаралық байланысты нығайтуға бағытталған. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім беру байланыстарын нығайтып қана қоймай, болашақ инженерлердің мүмкіндіктерін кеңейтуге де ықпал етеді.