«Егер тәртіпті қатаң ұстансаңыз,
сіз бәріне үлгере аласыз!»: MЕTU студенті өз мамандығы бойынша оқу мен жұмысты
қалай сәтті біріктіру керектігі жайлы айтты.
Мақсұт Арлен –
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Радиотехника, электроника
және телекоммуникация» білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші курс студенті.
«Біз мамандығымыз
бойынша байланыс инженеріміз. Университетте Талшықты-оптикалық тарату жүйелері
және Радиотаратқыш құрылғылар сияқты пәндерді біршама тереңірек оқытты. Бізге
жалпылама барлығының қалай жұмыс істейтіні туралы түсінік берілді, ал бұдан әрі
бізде қызмет саламыз туралы түсінік қалыптасады», - деп түсіндірді Мақсұт
Арлен.
Қазіргі уақытта
Арлен «Inter Service» компаниясында байланыс инженері болып жұмыс істейді.
«INTER Service» ЖШС - байланыс операторлары мен бизнес-клиенттер үшін телекоммуникациялық шешімдер саласында дамып келе жатқан аутсорсер. Жұмысының негізгі бағыттары телекоммуникация желілерін жобалау, салу және пайдалану болып табылады.
https://www.instagram.com/reel/DAiweq1CGzr/?igsh=Z3luNW01NHgzd3li