Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Тарихшы ғалымның қонақ дәрісі
30 Сентябрь 2024                  439
Тарихшы ғалымның қонақ дәрісі

30.09.2024 жылы ҚР ҰҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, ҚБТУ қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Арман Қабдешұлы Жұмаділдің қатысуымен қонақ дәрісі өтті. Дәріскер биыл университетке алғаш рет қадам басқан бірінші курс студенттеріне «XV-XVII ғғ. Қазақ хандығы» тақырыбында дәріс оқып, еліміздің тамыры тереңде жатқан тарихы туралы мол мәлімет берді.

Қонақ дәріскер Арман Қабдешұлы студенттерді қызықтырып жүрген сұрақтарға кеңінен жауап беріп, бүгінгі күннің өзекті мәселелеріне де тоқталып өтті.