Бүгін
Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті студенттермен Қазақстан Республикасында
атом электр станциясын салу мәселелері бойынша кездесу өткізді. Кездесу
барысында студенттер, ғалымдар мен сарапшылар Қазақстан Республикасында атом
электр станциясы (АЭС) құрылысының өзекті мәселелерін талқылады. Іс-шара еліміздің тұрақты дамуы тұрғысынан атом энергетикасының әлеуетін тереңірек түсінуге ұмтылатын түрлі мамандықтағы 100-ге
жуық студенттерді жинады.