2024 жылдың 30 қыркүйегінде университет ректорының "Сарбаз" жатақханасында тұратын студенттермен кездесуі өтті. Кездесу барысында әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер қозғалды, студенттік жатақханада тұру шарттары талқыланды. Кездесу бейресми жағдайда өтті. Әңгіме барысында студенттер ректорға тұрмыстық жағдайларға қатысты сұрақтар қойды. Гүлнәр Әлібекқызы студенттердің назарын оқу және басқа да мәселелер бойынша ұсыныстары мен сұрақтарына ашық екендігіне аударды. Кездесуге "Сарбаз" жатақханасының өкілдері қатысты және олар барлық мәселелерді шешуге көмектесті. Кездесу соңында ректор студенттерге мықты денсаулық, оқуда жақсы көрсеткіштер тіледі.