Қазанның
3 күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде 1-курс
студенттеріне арналған «Ұйым fest» атты
ұйымдар жәрмеңкесі өтті. Шара биыл қабылданған 1 курс студенттерінің белсенді жастарымен танысу,
жақын араласу және дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.
Шара
барысында барлық ұйымдар өздерінің атқарып жатқан істері мен миссияларын
таныстырды. Жаңа
оқу жылда атқаратын шаралар жоспары бойынша ой бөлісіп, пікір алмасты.
Ұйымдар тұрақты даму факторлары бойынша
жыл бойы іс-шаралар өткізетінін айтып өтті. Олар экологиялық, әлеуметтік
мәселелерге баса назар аудармақшы.
Іс-шара соңы көңілді би кешімен
жалғасты. Студенттер бір-бірімен етене танысып, ұйымдардың бірлігі нығая түсті.