Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайындағы көшпелі дәріс
03 Октябрь 2024                  425
Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайындағы көшпелі дәріс

2024 жылдың 3 қазан күні Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің 1 курс студенттері «Қазақ мемлекеттілігінің тахихы» атты көшпелі дәріске қатысты. Дәрісті тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жаппасов Жарылқасын Еркінұлы жүргізді. Көшпелі дәріс барысында студенттер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің: «Палеонтология және археология», «Тарихи-этнография», «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында және диаспоралар мәдениеті», «Тәуелсіз Қазақстан», «Ашық қор. Алтын зал» залдарымен танысты. Қазақ мемлекеттілігінің тарихынан сыр шертетін тарихи жәдігерлермен танысу барысында білімалушылар: сақ, үйсін, түрік қағанаттары мен XIII-XV ғасырларда Қазақстан территориясында құрылған мемлекеттер тарихынан мол ақпарат алды. Қазақ хандығы тарихы мен этнографиясына бай экспонаттар ұсынылған залмен  танысқан студенттер қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан өмірі, философиялық дүниетанымы, бай материалдық және рухани мәдениетін сипаттайтын айқын көріністерге қанық болды.

«Қазақстан тарихы» курсын оқытудағы жаңа парадигмалар мен инновациялық тәсілдер ғылыми дүниетанымды, қазақ халқының сан ғасырлық материалдық және рухани мәдениетін тарихи тұрғыдан түсінуді, шынайы патриотизмді қалыптастыруға ықпал етеді.