2024 жылдың 8 қазанында, «Экономиканы
мемлекеттік реттеу » пәнінен профессор Тлеужанова М.А. «Мемлекеттік құрылымдық,
инновациялық және инвестициялық саясаты» тақырыбында ашық лекция өткізді.
Лекция барысында Қазақстанның құрылымдық, инновациялық және
инвестициялық саясатының негізгі аспектілері, сондай-ақ олардың экономикалық
динамикаға әсері қарастырылды.
Мемлекет тарапынан инженерлік саланы қолдау және Президент
Жолдауында айтылған стратегиялық сын-қатерлерге ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары мен машина жасау және инженерия
индустриясын дамытуға арналған мүмкіндіктер талқыланды. Сонымен қатар,
Қазақстан экономикасының ұзақ мерзімді тұрақтылығын және бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз етуге әсер ететін құрылымдық саясаттың негізгі
қағидаттары қарастырылды.
Ашық лекция студенттерге елдің дамуымен байланысты өзекті
мәселелерді тереңірек зерттеуге, сондай-ақ мемлекеттік бастамалар мен
инновациялық тәсілдердің экономикалық өсу мен инженерлік технологиялардың
дамуына қалай ықпал ететінін бағалауға мүмкіндік берді.