Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған әдеби кеш
09 Қазан 2024                  190
Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған әдеби кеш

2024 жылғы 9 қазанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасы «Қазақ тілі» пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен «Сегіз қырлы, бір сырлы сырбаз Сәкен» атты әдеби кеш өтті. Кеш шымылдығы ақынның «Жас қазақ марсельезасы» әнімен ашылып, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерінің ғибратты өмір жолымен және шығармашылығымен жан-жақты таныстырылды.

Жастардың бойында патриоттық сезім, мәдени және ұлттық құндылықтарға деген құрмет қалыптастыру үшін атақты ақын, жалынды жазушы, дарынды драматург, білікті ұстаздың тар жол тайғақ кешумен өткен тағдыры Қанат Жүнісовтің «Сәкен-Сұңқар» драмасы арқылы көрсетілді. Әдеби кешке белсенді ат салысқан студенттер, өз ойларымен бөлісті.