9 қазан
2024 жылы МИТУ-де Huawei Roadshow өтті, онда Huawei компаниясының өкілдері
арнайы семинар өткізді. Семинар барысында брендтің құрылу тарихы, негізгі даму
бағыттары және ИКТ Академиясы туралы баяндалды.
Huawei АКТ Академиясы — бұл білім саласындағы халықаралық серіктестік бағдарламасы,
оны компания әлемнің жетекші университеттерімен бірлесіп инфокоммуникациялық
технологиялар саласында студенттердің тереңірек білім алуына көмектесу үшін
жүзеге асырады. Бүгінде АКТ
Академиялары 82 елде ашылған, жалпы саны 1500-ден астам оқу экожүйесі бар, олар
125,000-нан астам жоғары білікті және сұранысқа ие мамандарды даярлады.
Біздің
университетте де Huawei АКТ
Академиясы жұмыс істейді, онда «Инженериядағы Smart технологиялар» кафедрасының
сертификатталған инструкторлары Толегенова А.А. және Аширбеков Б.А. сабақтар
өткізеді.
Студенттерді
ынталандыру мақсатында компания жыл сайын «Huawei ICT Competition» халықаралық
конкурсын өткізеді. Конкурс талантты студенттерді анықтап, қолдауға
бағытталған, олар өз елдерінің цифрлық дамуына айтарлықтай үлес қоса алады.
Бұл
грандиозды конкурста жыл сайын екі мыңнан астам жоғары оқу орындарының 170
мыңнан астам қатысушысы қатысады.
Конкурстың
финалистері ұлттық және өңірлік жарыстардан кейін Глобал финалға қатысу үшін
Қытайға шақырылады.
Семинар барысында біздің
студенттер де осы конкурсқа тіркелді. Оларға барлық бастамаларында сәттілік пен
жеңіс тілейміз!